Фируза Шәріпова қарсыласын нокаутпен жеңді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова елордада өткен «Көшпенділер шайқасы» (Битва кочевников) бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Бокс кешінде Фируза Шәріпованың қарсыласы ресейлік Любовь Белякова болды.
Ол Украинаның тай боксы бойынша бірнеше рет чемпионы атанған, Тайландта өткен халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ, Ресей Кубогы-2020 иегері. Л. Белякова үшін бұл кәсіби бокстағы дебюд шайқасы болды. Жерлесіміз екінші раундта ресейлік боксшыны нокаутпен жеңді.
Осылайша Ф. Шәріпова кәсіби бокста 14-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. Айта кетсек, Шәріпова биыл сәуірде ресейлік боксшы Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, оны да нокаутқа аттандырған еді.
