фото: championat.com
Геннадий Головкин 1982 жылы Қарағандыда туған.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003).
2003 жылдан бері – «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы – спортшы. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006).
Ол ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002);
ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000);
Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001);
Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002);
жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003);
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004);
«А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010).
Геннадий Головкин – орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, оның 38-інде жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.