Сайлау • 20 Қараша, 2022

Әр қазақстандықтың дауысы маңызды - Ерболат Досаев

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен М.Мәметова атындағы No28 мектеп-лицейде орналасқан No358 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7-де  алғашқылардың бірі болып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әр қазақстандықтың дауысы маңызды - Ерболат Досаев

«Бүгінде Қазақстан азаматтары конституциялық құқығын пайдаланып, еліміздің алдағы 7 жылда қалай дамитынын өз дауыстарымен таңдайды. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды, мен бүгін Алматы қаласының азаматы және тұрғыны ретінде қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасым мен балаларымның жарқын болашағы үшін өз дауысымды беруге келдім. Алматылықтар бірлігін көрсетіп, өз таңдауын айқындайтынына сенімдімін», деді Ерболат Досаев.

Сайлау күні Алматыда барлығы 600 сайлау учаскесі ашылды, тұру ықтиярхатының бар-жоғына қарамастан 55 учаскеде дауыс беруге болады. Қалада 1,2 миллионға жуық адам дауыс беруге құқылы.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35