Саясат • 13 Қаңтар, 2023

Сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды», деп жазылған хабарламада.

Андрей Лукин 1961 жылы бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген.

1983 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 1993 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек өтілі:

  • Целиноград облыстық атқару комитеті ІІБ 85-ӨСБ өрт сөндірушісі (1982-1983);
  • «Целинтрансстрой» трест аға инженері (1985);
  • Совет АІІБ СМҰҚКБ жедел уәкілі, аға жедел уәкіл, Целиноград ҚІІБ СМҰҚКБ бастығының орынбасары, Целиноград қ. 2 милиция бөлімшесінің бастығы, Ақмола қаласы Шығыс Ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Ақмола қаласы МҚБ бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экономикалық полиция басқармасының бастығы, Ақмола қаласы Шығыс ІІБ бастығы (1985-1998);
  • Астана қ.  тұрғын үй департаментінің директоры (05.1998-07.2003);
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Аппараты департаментінің директоры (07.2003-09.2003);
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Вице-министрі (09.2003-04.2005);
  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары) (04.2005-02.2012);
  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары) (02.2012-11.2014);
  • Астана қ. әкімінің орынбасары (12.2014-2017);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (08.2017-04.2019).
  • Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты (12.08.2019 ж. бастап), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (02.09.2019 ж. бастап).

Басқа да лауазымдар:

  • «НК «Kazakhstan Engineering» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2005);
  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі (06.2009-2014).
  • Халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына қатысу:
  • «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық Комитетінің мүшесі;
  • ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі;
  • Франциямен ынтымақтастық тобының мүшесі;
  • Австралия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Океания елдерімен ынтымақтастық тобының мүшесі.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтарды иеленуі, атақтары, құрметті атақтары:

  • «Парасат» ордені (2016)
  • «Даңқ» II степени ордені (2009)
  • «Астана» медалі (1998)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
  • «Астанаға 20 жыл» медалі (2018)
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
  • «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үздігі»
  • «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» мерейтойлық төсбелгісі (2009)
  • «Қазақстан Республикасының полициясына 30 жыл» төс белгісі (2022)
  • «Қазақстан Республикасының полициясына 20 жыл» төс белгісі (2012)
  • «Қазақстан Республикасының полициясына 15 жыл» төс белгісі (2007)