Төтенше жағдай • 14 Маусым, 2023

Абай облысының ТЖ департаменті қазіргі жағдайды баяндады

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ормандағы өртті сөндіру  барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының ТЖ департаменті қазіргі жағдайды баяндады

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған деректерге қарағанда, қазіргі уақытта тартылған күштер мен құралдар төрт учаскеде; Поднебесное, Жерновка ауылдарында, Шульбинск кентінде, Қаштақ орманшылығында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіру төменгі бөлікте және авиация арқылы жүргізіліп жатыр.

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Таңертең жүргізілген аэровизуалды барлау нәтижесінде күштер мен құралдар өртті жедел сөндіру үшін Қаштақ орманшылығына жіберілді.

Өрт сөндірушілердің жедел қабылдаған шараларының, үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Сонымен қатар тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асырып жатыр. Бүгін таңғы сағат 6.00-дан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су ағызылды.

Бұдан басқа, ТЖМ әуе кемелері күштерді жедел ден қою қажет учаскелерге тасымалдауды жүзеге асырады.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидромет» синоптиктерінің деректері бойынша 14 маусымға ауа-райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С.