Спорт • 06 Тамыз, 2023

Гимнастшы Милад Карими Универсиада чемпионы атанды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гимнастшы Милад Карими Универсиада чемпионы атанды

Ол кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды.

Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары  кірді.

Бұл Милад Каримидің ХХХІ жазғы Универсиададағы үшінші медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола медаль иесі атанған еді.