Спорт • 22 Мамыр, 2024

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионы атанды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында бақ сынап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионы атанды

фото: olympic.kz

Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Күміс медальді Милана Парфилова, қола жүлдені Айбота Ертайқызы иеленді. 

Айта кетейік, Эльжана Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған еді. 

Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатынан құр қайтпай, таспамен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.