Спорт • 06 Маусым, 2024

Азия чемпионаты: Қазақстан велоспортшылары алғашқы алтынды жеңіп алды

141 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

6 маусымда Алматыда велоспорттан 2024 жылғы Азия чемпионаты басталды. Нәтижесінде еліміздің спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Egemen.kz  Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионаты: Қазақстан велоспортшылары алғашқы алтынды жеңіп алды

Фото:kuanyshbek-photo.gallery

Екінші орынды Өзбекстан құрамасы, үшінші орынды Гонконг командасы жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан спортшыларының еншісінде қазірдің өзінде үш алтын бар, оның екеуі жалпы эстафетада және бір медаль параолимпиадашылар арасында иеленді.

«Қазіргі кезде елдің спорттық жетістіктері оның беделіне зор ықпал ететіні белгілі. Спорт – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айғақтайды. Және мұндай додаларда көш соңында қалуға болмайды. Соңғы кездері Қытай, Жапония, Корея сияқты ірі державалар Қазақстанды тең дәрежедегі бәсекелес ретінде қабылдауда. Олар «Астана» командасына үлкен құрметпен қарайды және қазақстандық велошабандоздардың әлеуетін жоғары бағалап, әлемдік велоспорттағы көшбасшы санайды. Біз алдымызға үлкен мақсат қоямыз. Және сол мақсатымызға жету үшін жүйелі жұмыс істеуге дайынбыз. Соңғы кездері ірі инвесторлар қазақстандық велоспортқа қызығушылық танытуда. Сөзсіз, бұл бізді жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады», - деді ҚВСФ басшысы Райымбек Баталов.

Велоспорттан Азия чемпионатында жарыстың басталу қарсаңында Азия велоспорт конфедерациясының басқару комитетінің өкілдерімен және делегаттармен кездесу өтті. Спикерлер Қазақстан велоспорт федерациясы өкілдерінің пікірінше, спикерлер Азиядағы велоспортты дамыту перспективаларына оң әсер етуі мүмкін маңызды мәселелерді талқылады.

«Біз жол велосипедінің көшбасшысымыз. Неге белгілі «Астана» командасының спортшыларын осындай жобаға қатысуға тартпасқа! Балалар барлық елдермен үздік тәжірибемен бөлісуге дайын. Бізде Астанадағы ең үздік тректердің бірі бар», дейді федерация басшысы.

Қазақстан тарапының ұсыныстарының бірі Азияда жол велоспортын дамыту жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын қамтитын кеңейтілген бағдарлама құру болды. Сондай-ақ Азия континентінен әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары сияқты ауқымды спорттық іс-шараларға комиссар кандидатураларын ұсыну болды. Астанада Азияның үздік велотректерінің бірі ретінде тәжірибе алмасуға және талантты спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге ықпал ететін тренинг орталығын ашу ұсынылады, бұл Азия елдерінде кәсіби спортты дамытуға қуатты серпін береді.

Ел намысын қорғаған параспортшылар да үздік нәтижелерге қол жеткізді. Онда ұлттық құрама атынан В санаты бойынша (көру қабілеті төмен спортшылар) 5 экипаж шықты. Оның үшеуі ерлер болса, қалған екеуі әйелдер. Сондай-ақ, С санаты бойынша (тірек-қимыл аппараты) жарыс жолына Павел Бабенко шықты.

В санатында сайысқа түскен қазақстандық команда үздік үш орынды өзара бөлісті.

1 орын:  Сейітжан Кенжеғұл - Лаврентьев Антонжұбы

2 орын: Малыгин Александр - Дэвид Кусаковжұбы

3 орын: Тәлім Дастан - Нұрпейісов Мақсат жұбы

В санатында Қазақстан құрамасының атынан шыққан әйелдер командасының екі жұбы да жоғарынәтиже көрсетіп, алтын және күміс жүлдеге ие болды. Олар:

1 орын: Қайнарова Жұлдыз -Чугай Ульяна жұбы

2 орын: Қалиева Әсел - Нұрғали Айгерім.

С санатында жарысқа түскен отандасымыз Павел Бабенко ирандық спортшы Бехруз Ферзадаға есежіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал, үздік үштікті өзбекстандық Аброр Ибраимов қортындылады.


Сонымен қатар велосипед спорты бойынша Азия конфедерациясының Конгресі – АҚҚ Президенті және  Спорт және туризм министрлігінің басшысы Ермек Маржықпаев бастаған АҚҚ құрамына кіретін ұлттық федерациялар басшыларының жиналысы өтті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті