Спорт • 07 Қараша, 2024

Күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берілді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берілді

Фото: Спорт және туризм министрлігі

Іс-шараға Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпазы Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарылқасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар қатысты.

«Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін», деді Ербол Мырзабосынов.

Жиын соңында Туризм және спорт министрі Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарылқасынға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстады. Өзге спортшылар мен жаттықтырушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
аа