Фото: unn.ua
Жергілікті шерифтің тіркеу деректеріне сәйкес, Ник Райнер жексенбі күні ұсталып, 4 миллион доллар кепілмен қамауда отыр. Құқық қорғау органдары әзірге оның қамауға алынуына қатысты өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.
Отбасының ресми мәлімдемесіне қарағанда, Роб Райнер мен Мишель Сингер Райнер Лос-Анджелестегі өз үйлерінен 14 желтоқсан, жексенбі күні өлі күйінде табылған. Режиссер 78 жаста болған, ал жұбайы 68 жаста еді. Құқық қорғау органдарындағы жоғары лауазымды дереккөздер ABC News-ке берген мәліметінде, ерлі-зайыптылардың Брентвуд ауданындағы үйінде пышақталып өлтірілгенін растаған.
Алғашында полиция өлімнің мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс бастаған. Алайда кейін іс қасақана адам өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр.
The New York Times жазуынша, Ник Райнер бұған дейін есірткіге тәуелділігімен күрескенін ашық айтып келген. Сондай-ақ жасөспірім кезінен бастап белгілі бір кезеңдерде тұрақты баспанасыз өмір сүргені де айтылған.
Роб Райнер — америкалық актер, режиссер, продюсер және сценарист. Ол CBS арнасындағы «Все в семье» ситкомындағы Майкл «Митхэд» Стивик рөлі арқылы кеңінен танылып, осы рөлі үшін 1974 және 1978 жылдары «Эмми» сыйлығын алған. Сондай-ақ «Уолл-стрит қасқыры» мен «Сиэтлдегі ұйқысыз түндер» фильмдерінде ойнаған.
Роб Райнердің артында балалары Джейк, Ник және Роми қалды. Ол сондай-ақ алғашқы жары Пенни Маршаллдың қызы, актриса Трейси Райнерді асырап алған.