Әлем • Бүгін, 10:27

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Дания бақылауындағы Гренландияға арнайы өкіл тағайындағаннан кейін Америка аралды басып алуға қамдануы ықтимал деген болжам айтылып қалып жатты. Десе де АҚШ-тың Гренландияға жаңадан тағайындалған өкілі Джефф Лэндри ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

Фото: altn.news

Арнайы өкілдің айтуынша, Трамптың тағайындауы АҚШ пен Гренландия арасындағы ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық байланысты нығайтуды көздейді.

«АҚШ әрқашан қонақжай ел болған және Трамп әкімшілігінің «біреуді жаулап алу» немесе «біреудің елін басып алу» ниеті жоқ», деп түсіндірді Джефф Лэндри.

Дания тарапы өз кезегінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген желеумен бір елді екінші елге қосып алуға болмайтынын және ұлттық шекаралар мен мемлекеттердің егемендігі халықаралық құқықта бекітілгенін мәлімдеді. 

АҚШ – Украина: пайдалы қазбалар туралы мәміле

Д.Трамп 22 желтоқсан күні Truth Social сайтында «Джефф Лэндри Гренландия біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді және одақтастарымыздың, әлемнің қауіпсіз болуына мүдделіміз», деп жазды.

23 желтоқсан күні Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен Трамп мәлімдемесі қабылданбайтынын әрі АҚШ елшісін шақыртатынын хабарлады. 

Айта кетейік, АҚШ Ресей және Украина арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға мүдделі басты араағайын болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар