Театр • 26 Желтоқсан, 2025

Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу театрында Жак Оффенбахтың музыкасына жазылған бір актілі «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz

Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті

Қойылымның идея авторы, либреттосының авторы әрі хореограф-қоюшысы – училище оқытушысы Санжар Қасымбаев.

Спектакльге екінші сыныптан бастап бітіруші курс студенттеріне дейінгі тәрбиеленушілер қатысып, біртұтас көркем бейне қалыптастыруға және жас әртістер үшін құнды кәсіби әрі сахналық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

«Көбелек» балет-ертегісі – махаббат пен сынақ, ішкі өзгеріс туралы романтикалық хикая. Премьера көрермен тарапынан жылы қабылданып, училище студенттерінің жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ кәсіби хореографиялық білім беру жүйесінде авторлық қойылымдардың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше