ТЕАТР
ТЕАТР бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Түнгі театр тылсымы

Көпшілік үшін театр – шамы жарқыраған сахна, шымылдық ашылған сәтте басталатын ғажайып әлем. Ал сол ғажайыптың ар жағында сансыз дайындық, үнсіз еңбек, үздіксіз ізденіс жатқанын екінің бірі біле бермейді. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұйымдастырған екі күндік «Опера түні» жобасы көрерменге дәл осы беймәлім әлемнің есігін айқара ашты.

ЖИ жазған «Жылы мұң»

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры көрерменге «Жылы мұң» қойылымын ұсынды. Спектакльдің бас-ты ерекшелігі – пьесадан бастап, музыкасы мен костюмдеріне дейін жасанды интеллектінің көмегімен дайындалған.

Тәуелділік тұзағы

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – тәуелділік. Ішімдікке деген әуестік, ­лудомания, нашақорлық, ­гейминг қанша адамның өмірінің күл-талқанын шығарып, ­талай отбасының шаңырағын шайқалтты.

Қазақ театры – Түркия төрінде

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық балалар мен жасөспірімдер театры өз тарихында алғаш рет шетелдік гастрольге шығып, Түркия Республикасының Аланья қаласында өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым режиссер Дина Жұмабайдың «Гамлет. Соңғы күндер» спектаклін түркиялық көрермен назарына ұсынды.

«Бес бойдақтың тойы»: жаңаша көзқарас

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры жақында Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясын сахналады. Қойылымды тамашалағанда ұзақ жыл бойы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында қойылған пьесаға режиссер Гүлназ Қамысбаева өзгеше өң беріп, қазіргі қоғамда қалыптасқан кейбір стереотиптерге жаңаша көзқараспен қарай алғанын байқадық.

Ұлттық операның белесті шағы

«Астана Опера» театрының жарнамасында пайда болған жаңа туынды өнерсүйер жұртшылықты елең еткізген елеулі оқиғаға айналды. Ағайынды композиторлар Серікжан мен Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсының әлемдік тұсаукесері тәуелсіз қазақ елінің 35 жылдық шежірелі тарихында ұлттық опера репертуарын жаңа деңгейге көтерген, руханиятымызды байытқан ерекше мәдени қадам ретінде тарих парақтарына алтын әріптермен жазылды.

Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Ұлттың айбынды тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қажымұқан» спектаклінің тұсауы кесілді. Айтулы премьера – уақытпен бірге өшпеген ерлік рухының қайта оралуы, ұрпақ жүрегінде жаңғырып, сезім мен рәміздің терең иірімінде тербелген көркем толғаныс.

Халық қошеметіне бөленген қойылым

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.

«Травиата» тағы да таңғалдырды

«Астана Опера» сахнасында ұсынылған Джузеппе Вердидің жауһар туындысы – «Травиата» айрықша леппен, жаңа тыныспен көрерменге жол тартты. Театр табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ өзгеше толқу сезіліп, фойені әсем әуенге деген сағыныш биледі. Залға жиналған қауымның ықыласы қойылым басталған алғашқы минуттардан-ақ анық аңғарылды.