Театр
1 мин оқу 40

Қазақ театры – Түркия төрінде

<p style="text-align: left;">Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде&shy;мия&shy;лық балалар мен жасөспірімдер театры өз тарихында алғаш рет шетелдік гастрольге шығып, Түркия Республикасының Аланья қаласында өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым режиссер Дина Жұмабайдың &laquo;Гамлет. Соңғы күндер&raquo; спектаклін түркиялық көрермен назарына ұсынды.</p>

Қазақ театры – Түркия төрінде

Аланья қалалық теа­трының сахнасында өткен қойылым­дар көрерменнің ыстық ықыласы­на бөленіп, қазақ театрының шы­ғармашылық әлеуетін халық­аралық деңгейде танытуға мүм­кіндік берді. Айтулы сапар Қазақстан мен Түркия ара­сын­­дағы мәдени байланыс­ты ны­ғайтып қана қоймай, театр ұжы­мының халықаралық шығар­машылық кеңістікке жасаған маңызды қадамына айналды.

Гастроль аясында театр әр­тістері Аланьядағы қазақ диас­порасының өкілдерімен кездесіп, өнер мен руханият төңірегінде пікір алмасты. Шетелдегі қан­дастар үшін бұл жүздесу туған мәдениетпен қауышқан ерекше сәт болды.

Аталған сапар екі театр ара­сындағы шығармашылық әріп­тестіктің нәтижесінде жүзеге асты. Өткен жылы режиссер Дина Жұмабаева Аланья қалалық теа­трында Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын сахналап, кәсіби байланыстардың берік негізін қалаған болатын.

ж

Театрдың халықаралық бел­сенділігі мұнымен шектелмейді. Биыл 30 маусым мен 2 шілде аралығында «Гамлет. Соңғы күн­дер» спектаклі Тбилисиде өте­тін халықаралық театр фестивалі­нің негізгі бағдарламасына қа­тысады. Ал 2027 жылы театр Түркияның бірнеше қаласын қамтитын ауқым­ды гастрольдік сапар ұйым­­дастыруды жоспарлап отыр.

Аланьядағы алғашқы гас­троль қазақ театрына жаңа ке­зең­нің бастауы болды. Бұл сапар ұлттық өнердің шекарадан асып, әлемдік мәдени кеңістікпен еркін тілдесе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу: