Оқиға
1 мин оқу 30
Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінді
<p><strong>Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін сағат 10:15 шамасында Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде жер асты дүмпуі тіркелді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Көрсетілген аумақ Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасына тұс келеді.
Жер сілкінісінің күші 3,7 балды құраған.
«Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша – 43,76 градус, шығыс бойлық бойынша – 75,15 градус.
Магнитудасы mpv = 3,7.
Энергетикалық класc K = 8,8», делінген Қазақстан ұлттық деректер орталығы таратқан хабарламада.
Бұған дейін 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезгенін хабарлағанбыз.
Ал 2 қаңтар күні Мексикада магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды.
Бөлісу: