Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Құмды тоқтатқан технология

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда шөлейт аймақтарды игерудің тосын тәсілі қолға алынды. Бос жатқан құмды өңірлерге күн электр стансасы салынып, оның асты бір мезетте бау-бақша мен егістікке айналып жатыр.

Құмды тоқтатқан технология

Сурет ашық дереккөзден алынды

Панельдер жерден шамамен 1,5 метр биіктікте орналасқан. Ғалымдар мұнда құрғаққа төзімді дақылдарды сынап көріп жатыр. Бір учаскеде 133 гектар жоңышқа егілген. Тамыры тереңге кететін бұл өсімдік құмды бекітіп, жерді біртіндеп қалпына келтіруге көмектеседі. Осылайша, күннен қуат өндіру мен жерді тозаңдыруды қатар жүргізген жоба шөлді өңірлерді тіршілікке бейімдеудің жаңа үлгісін көрсетіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30