ҒАЛАМ ҒАЖАПТАРЫ
ҒАЛАМ ҒАЖАПТАРЫ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Айдың арғы беті...

Бірнеше күннен бері бәріміз NASA жариялаған Жердің, Айдың таңғажайып суреттерінен көз ала алмай отырмыз. «Мынау біздің үйіміз» деп өз планетамызды сыртынан көру сөзсіз толқытады. Сол бір шардың ішінде біздің де жүрегіміз соғып тұр. Біздің де ізіміз бар. «Адамға табын, Жер, енді!» деп Олжас (Сүлейменов) жырлағандай, біздің де қиялымыз сол ғарышкерлермен бірге Айға бір-ақ ұшты.

Жалғыз өзі жүзіп өткен

Польшалық теңізші Кристина Хойновска-Лискевич – дүниежүзін кемемен жалғыз өзі айналып шыққан тұңғыш әйел. Ол бұл сапарын 1976 жылы бастап, екі жылға жуық уақыттан кейін мәресіне жетті.

Екі рет Нобель алған

1903 жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген Мария Кюри тарихтағы тұңғыш әйел лау­реат атанды. Ол бұл марапатқа ра­дио­активтілік құбылысын зерттеу­ге қосқан зор үлесі үшін иеленді.

Программалау анасы

«Компьютер» ұғымы қағаздағы идея болған XIX ғасырдың өзінде ағылшын математигі Ада Лавлейс тарихтағы алғашқы программист әйел атанды. Сол үшінде Халықаралық бағдарламаушылар күні Аданың туған күніне байланысты бекітілген.

3 минуттық сериал

Қытайда 1-3 минуттық қысқа сериалдар енді жай ойын-сауық емес, экономикаға әсер ететін салаға айналып отыр. 2025 жылы осы формат шамамен 690 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал еткен.

Оператордың ерекше әдісі

Миланда өткен қысқы Олимпиадада фотограф Джордан Коуэн мәнерлеп сырғанау жарысында мұз үстінде жұмыс істеген алғашқы оператор атанды.

ЖИ ұсынатын иіссу

Парижде таңдаушы талғамына сай әтір шығаратын студиялар бұрыннан бар. Енді сол үдеріске жасанды интеллект те қосылды.

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Гиннесс рекордтар кітабы мәліме­тінше, әлемдегі ең ұзақ уақыт үзілмей көрсетіліп келе жатқан анимациялық телесериал – жапондық «Садзаэ ханым» туындысы.

98 түрлі «Күлше қыз»

«Guinness World Records» дерегіне сүйенсек, экранда ең көп бейімделген сюжет «Күлше қыз» ертегісіне тиесілі. Шығарма желісі әр дәуірде қайта жаңғырып, көрерменге кино, теленұсқа, анимация секілді сан қырлы нұсқада ұсынылып отырған.

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Француз жазушысы әрі ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасындағы» суреттер сондай әсерлі. Бұл келісті кескіндерді автордың өзі салған. Бәлкім, сол сөйлеп тұрған суреттердің әсері шығар, Гиннесс рекордтар кітабы бұл туындыны ең көп тілге аударылған рекорд ретінде тіркеген.