382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

<p style="text-align: left;">Француз жазушысы әрі ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің &laquo;Кішкентай ханзадасындағы&raquo; суреттер сондай әсерлі. Бұл келісті кескіндерді автордың өзі салған. Бәлкім, сол сөйлеп тұрған суреттердің әсері шығар, Гиннесс рекордтар кітабы бұл туындыны ең көп тілге аударылған рекорд ретінде тіркеген.</p>

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ресми жазбада кітап 1943 жылы алғаш жарық көргеннен бері 382 түрлі тіл мен диалектке аударылғаны нақты көрсетілген. Мұндағы «тіл мен диалект» дегеніміз – тек әлемге кең тараған тілдер ғана емес, жергілікті аймақтық диалекті де есепке алынатынын білдіреді. «Кішкентай ханзада» – бір елдің ғана емес, адамзаттың ортақ тілінде сөйлейтін сирек шығармалардың бірі.

Бөлісу:
382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар