Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026

Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Алайда бұл жазба әлі ресми түрде расталған жоқ. Бейресми деректер мен болжамдарға сенсек,  балықтардың жаппай қырылуына радонға бай жерасты суының өзенге қосылып кетуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 12 қаңтарда құрамында облыстық экология департаментінің зертхана маманы, жергілікті атқарушы билік өкілдері  бар арнайы жұмыс тобы Торғай өзеніне тексеру жүргізу мақсатында жолға шыққанын мәлімдеді.

 «Тексеру жұмыстары 2025 жылғы 22 қазанда Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен № 386 ережеге сәйкес жүргізіледі. Балықтардың қырылу фактісі туралы қорытындыны жұмыс тобы шығарады. Одан кейін толыққанды  ақпарат беретін болады» деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті

Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Зиада Бисақалова жағдайдың бақылауға алынғанын айтты.

«Нақты себебі сынама алынып, зертханалық сараптама жасалғаннан кейін ғана белгілі болады. Мұндай жағдай, көбіне, су құрамында оттегінің жетіспеушілігінен болады», деді Зиада Бисақалова.

Балық шаруашылығының бәсі қандай?

Экология және табиғи ресурстар министрлігі де аталған мәселеге қатысты ресми ақпарат таратты. Министрліктің мәліметінше, 12 қаңтарда құрамында санитариялық-эпидемиялық қызмет мамандары, табиғи ресурстар басқармасының, экология департаментінің және балық инспекциясының өкілдері бар арнайы комиссия Торғайға аттанып кеткен. Комиссия өзен суынан, балықтардан және қоршаған ортадан сынама алып, кешенді тексеру жүргізеді.

Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар