Оқиға 7 қаңтарда браконьерлікке рейдтік іс-шараны жүргізу кезінде болған.
«Мемлекеттік инспекторлардың қызметтік квадроциклмен абайсызда өзен суына түсіп кету фактісі тіркелді. Қызметтік міндетін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен, құтқару жилетімен қамтамасыз етілгендіктен, дер кезінде қауіпсіз жерге шықты. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілген жоқ», деп хабардар етті инспекциядан.
Аталған оқиғаға байланысты тиісті қызметтер хабардар етілген. Ал қызметтік техниканы судан шығару, техникалық жай-күйін анықтау бойынша жұмыс қолға алынған.
«Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», деп мәлімдеді аталған инспекциядан.