Экономика • Кеше

Елімізде алтынның бағасы қымбаттады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алтынның бір грамының құны 75 200,37 теңге болды. Бұл бұрынғы бағадан 0,53 пайызға жоғары және өткен жылмен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Елімізде алтынның бағасы қымбаттады

Фото: pixabay.com

Алтын бағасы қайтадан рекордтық деңгейге жетті. Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 13 қаңтардағы ресми бағам бойынша алтынның 1 грамы 75 200,37 теңге болды.

Бұл 2025 жылғы 20 қараша күнгі рекордтан 0,53% жоғары, ол кезде алтынның 1 грамы 74 804,83 теңге еді. Сол уақыттан бастап алтын бағасы кейде төмендеді, кейде өсті, бірақ рекордтық деңгейге жеткен жоқ.

Күн ішінде алтын бағасы 2,59% (1 895,26 теңге) өсті. Ал 2025 жылғы 13 қаңтармен салыстырғанда өсім 65,7%-ды (29 817,63 теңге) құрады.

Алтынның бәсі артып келеді

Investing.com деректері бойынша, қазіргі кезде әлемдік нарықта алтынның бағасы трой унциясына 4 599,11 доллар (шамамен 31 грамм), яғни қазіргі курс бойынша 2 346 228 теңге, ал болашақта бұл баға 6 000 доллардан асып кетуі мүмкін.

 Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?

Сонымен қатар, Қазақстанда асыл тастар мен зергерлік бұйымдардың бағасы да өскені белгілі болды. 

Ел қазынасы 98 тонна алтынмен толықты

Алтын зергерлік бұйымдарға сенімді балама ретінде ел азаматтары 5-тен 100 грамға дейінгі алтын құймасын сатып ала алады. Сондай-ақ кейіннен нақты алтынға айырбастауға болатын цифрлық алтынды сатып алу мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар