Қоғам
2 мин оқу 30
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
<p><strong>Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, зейнетке шығу жасы төмендегідей:
- Ерлер үшін – 63 жас;
- Әйелдер үшін – 61 жас.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен құзырлы органдар бұған дейін хабарлағандай, әйелдер үшін 61 жас мөлшері 2027 жылдың соңына дейін сақталады. Алайда 2028 жылдан бастап бұл көрсеткіш жыл сайын кезең-кезеңімен ұлғая бермек:
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;
- 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас;
- 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.
Жоспар жүзеге асса, 2031 жылға қарай ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасы теңесіп, ортақ 63 жасты құрайтын болады.
Бөлісу: