Фото: egemen.kz/Қырмызы Жұмағалиқызы
«Отбасы банкі» Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды. Сондай-ақ зейнетақы жинағындағы шектен артық соманы мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды», делінген банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Зейнетақы жинағын пайдалану арқылы емдеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастауға қатысты талаптар түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.
Бұған дейін «Отбасы банк» зейнетақы қаржысына көз емдеуге тыйым салған еді.
Сондай-ақ зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасағаны анықталды.
Ал қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақы қорынан тіс емдеуге 200 млрд теңге заңсыз шығарылғанын мәлімдеді.