Әлем • 15 Қаңтар, 2026

НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Арктикадағы аралға қатысты мәлімдемелері аясында Германия, Швеция және Норвегияның әскери қызметкерлері 15-17 қаңтар аралығында барлау миссиясы шеңберінде Гренландияға барады. Жұмыстың мақсаты – аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын зерделеу. Бұл туралы Берлиндегі ресми өкілдер хабарлады, деп жазады Egemen.kz

НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді

Фото: ашық дереккөз

DW ақпарат агенттігінің мәліметінше, барлау миссиясы Данияның шақыруымен 15-17 қаңтар күндері өтеді.

«Барлау миссиясы өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Теңізді бақылау саласында Данияны қолдауға бағытталған әскерилердің қатысу мүмкіндіктері тексеріледі», деп түсіндірді ведомство.

Германия атынан миссияға 13 әскери қызметкер қатысады. Норвегия тарапынан екі сарбаз жіберіледі, бұл туралы елдің қорғаныс министрі Торе Сэндвик мәлімдеді. Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонның айтуынша, Швециядан да аралға бірнеше офицер аттанады.

НАТО күштері Гренландияға орналастырылуы мүмкін

Bild басылымының жазуынша, бұл миссияны Дания үйлестіреді, яғни операция АҚШ-тың келісімінсіз жүргізіліп отыр. Соңғы күндері АҚШ билігі Гренландияға қатысты аумақтық талаптарды қайта айта бастаған болатын.

Еуропа Трамптың Гренландия туралы сөзіне қарсы шықты

Бұған дейін Дания парламентінің мүшесі Копенгаген Гренландияны тіпті ядролық қару қолдану қаупі төнсе де бермейтінін айтқан еді.

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

Соңғы жаңалықтар