Фото: t.me/myastanacity
Жаңартылған тізімге бірқатар созылмалы аурулар, соның ішінде – қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы (ДЦП), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі аурулары енгізілді.
Сонымен қатар, онкологиялық скринингтер енді сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді болады.
Ал 11 әлеуметтік маңызы бар ауру, оның ішінде туберкулез, АИТВ, онкологиялық аурулар, инсульт пен инфаркт бұрынғыдай Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қаржыландырылады.
Бүгінде 12 миллионнан астам адам жеңілдік санатына кіреді, олардың жарналарын мемлекет төлейді. Сонымен қатар, шамамен 1 млн азамат жергілікті бюджет есебінен сақтандырылады.
Жұлдыз Данбаева: МӘМС-ке аз ақша төлеп, медициналық көмектің сапасы шетелдегідей болғанын қалаймыз
МӘМС мәртебесін eGov порталы, ӘМСҚ сайты немесе SaqtandyryBot Telegram-боты арқылы тексеруге болады.
1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі