Айбын • 19 Қаңтар, 2026

Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы 5573 әскери бөлімде өткен ант қабылдау рәсімі бұл жолы ерекше бір сәтімен көптің жадында қалды. Сап түзеген 700-ден астам сарбаз арасынан қатардағы жауынгер Алмас Абдрахов салтанатты жиында сүйіктісіне тосынсый жасады, деп жазады Egemen.kz.

Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Ол саптан шығып, алдымен ант берген соң, сүйіктісі Томириске үйленуге ұсыныс тастады. Әскери тәртіп салтанат құрған салмақты жиын бір сәтте қуаныш пен әсерлі көрініске ұласып, екі жас көптің ықыласына бөленді.

Ұлттық ұлан таланттары

Болашақ жарының келісімін алған жас сарбаз әскерден оралған соң үйлену тойын жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл оқиғаға әскери бөлімнің жеке құрамы, 3000-ға жуық ата-ана мен сарбаздардың туыстары куә болды.

ант

Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Жандар Әшірбеков сөз сөйлеп, әскери анттың әр сарбаз үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Әскери ант – жай ғана сөз емес, ол – Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деген үміттемін», деді ол.

«Sarbaz+» – жауынгерді шыңдайтын жоба

Осы күннен бастап қатардағы А.Абдрахов пен басқа да сарбаздар қала көшелері мен маңызды іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі.

«Күрең берет» нағыз жауынгерлерге ғана жарасады

Рәсім соңында жеке құрам сап түзеп, әскери техникалардың қатысуымен шеру өтті.

Соңғы жаңалықтар