Айбын • Бүгін, 08:55

Ұлттық ұлан таланттары

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сарбаз – әскери форма киген, саптағы жауынгер. Ал Ұлттық ұланның сарбазы – мұнымен қоса асқақ арманы, қайсар мінезі бар, Отанға деген сүйіспеншілігін іспен көрсетуге тырысатын қабілет иесі.

Ұлттық ұлан таланттары

Қазір құқықтық тәртіп әс­керінің бөлімшелерінде әлем чемпионы, акробат, полиглот, диктор, жалпы өнерпаздар қыз­мет етеді. Олар­дың жетістік­тері заманауи армия қару-жа­­рақты ғана емес, соны­мен қатар ақыл-ойды, мәдениет пен шығармашылықты бірікті­ретінін дәлелдейді. Биыл Ұлт­тық ұлан осындай құраммен ерекшеленді.

Ұлттық ұлан сапындағы та­лант­­тың бірі – гір спортынан үш дүркін Әлем чемпио­ны Еркебұлан Келдібаев. Оны қару­ластары «ХХІ ғасыр Қа­жы­мұқаны» деп атайды. Алып балуан Қажымұқан Мұңайт­­пасов­ты үлгі еткен ол Ал­маты­дағы 5571 әскери бөлі­мінде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Шымырлық пен қырағы­лықты ұштастырған Еркебұлан мегаполистің қауіп­сіздігіне үлес қосып келеді.

Ал елордадағы құрамда әске­ри борышын өтеп жүрген Ба­тыр­хан Сағидолла – жұртшы­лық­ты мәнерлі де қоңыр дауы­сы­мен сүй­сіндірген сарбаз. Ол бас қаланың қоғамдық тәртібі мен тұрғындар­дың қауіпсізді­гін бақылайды. Бос уақытында Батырхан дикциясын машықтап, өлең оқиды, мәтін жазады. Аты аңызға айналған диктор Юрий Левитан мен Қазақ радиосының алтын дауысы Әнуарбек Бай­жан­баевтың мұрағаттағы жазбаларын тыңдайды. Оның бас­ты арманы – Астанада өтетін Жеңіс шеруін жүргізу. Жас сар­баз­дың айтуынша, қазір ол бөлім ішіндегі салтанатты жиын­дарды, әскери шеруге дайын­дықтар мен түрлі іс-шара­ны жүргізіп дайындалып, мәтін оқып, жаттап, дауысты дұрыс қоюға, интонациямен ой­науға қатысты курстарда талантын дамытып жүр. «Табиғи дауысым болса да, ол үлкен еңбек­ті талап етеді», дейді ол. Қарулас достары Батырханды «біздің Левитан» деп атайды. Қолбасшылық та Батырханның бұл ұмтылысын қолдап отыр. Пав­лодар қаласынан әскер қата­рына шақырылған Батыр­хан әскердегі темірдей тәртіп­ке бағына отырып, жеке дағды­ны да машықтауға болатынын айтады.

6506 әскери бөлімі жеке құ­рамының қатарын толықтырған қос акробат Арман Қайырбаев пен Әзизбек Қалмағанбетов те ерекше құрметке лайық. Кәсіби мамандардың дене шынықтыруы, төзімділігі мен жауапкершілігі – қаруластарына үлгі. Олар цирк манежін әскери плацқа, сахналық серіктестікті жауынгерлік бауырластыққа айналдырды. Отан қорғаушы атанған бұрынғы әртістер бүгінде Шымкент көшелерінің тыныштығын қырағылықпен қорғап жүр.

Сондай-ақ Абайдың онда­ған өлеңін жатқа білетін жауынгер Жұлдызбек Ромашев «жұлдызға» айналды. Абай күнін мерекелеу қарсаңында ол тақырыптық іс-шаралар мен поэтикалық кештерге бел­сене қатысып, Абай шығар­ма­шылығын үзеңгілестеріне паш етті. Оның бұл өнері Отанға қызмет ету тәртіптен ғана емес, рухани құндылықтардан басталатынын көрсетеді.

Өнерлі сарбаздар қатарында полиглоттар да бар. 5571 әскери бөлімінің сарбазы Владимир Копылов бес түрлі түркі тілін, сондай-ақ бірнеше сирек диа­лектіні еркін меңгерген. Бұл оған Алматы көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде түрлі ұлт өкілдерімен ортақ тіл табысуға көмектеседі. Владимир қызметтен бос уақытында армия өмірін өз блогінде насихаттап, бөлімшенің оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді.

Мұндай сарбаздар Ұлттық ұланды мықты, білімді, жан-жақты тұлғалар қызмет ететін таланттар ордасы деп атауға лайық екенін көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар