Пікір
1 мин оқу 21

Ауыл мәдениетіне мән берсек

<p style="text-align: left;">Осы күндері ауылдық жерде ашылып жатқан мәдени ошақтар қатары аз емес. Енді сонда жұмыс істей&shy;тін азаматтар қызметіне, олардың мәртебесіне қатыс&shy;ты көптеген мәселеге назар аударғанымыз жөн.</p>

Ауыл мәдениетіне мән берсек

Мәдени ғимарат салудан бөлек оның ішкі мазмұнын қалыптастыру бар. Ол дегеніміз – үйірме­лер жұмысы, осы үйірме­лерде жұмыс істей алатын мамандар деңгейі, ауыл кітапханасының жаңа кі­тап­тармен қамтылуы. Ұлт­тық құрылтайдың секциялық отырысында осы бағыт­та ұсыныс айттық. Ауыл мәдениетінің маңызын, ондағы қызметкерлер жұ­мысын жетілдіру әр­дайым назарда тұру керек деп ойлаймын.

Жалпы алғанда, құрыл­­тай қоғамдағы көп мәсе­ленің шешімін тауып, ел игілігіне жұмыс істеуіне жол ашты. Сыр жеріндегі бесінші басқосудан да жақ­сы бастамалар күтеміз.

Максим РОЖИН,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу: