ПІКІР
ПІКІР бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Зияткер тұлғаның құқы мен міндеті

Жаңа Конституцияның кіріспесінде білім, ғылым мен инновацияға ерекше маңыз берілгені назарымызды аудартады. Кіріспе – Ата заңның құндылық негізі. Ол мемлекеттің стратегиялық бағытын, ұзақмерзімді басымдықтары мен бүкіл құқықтық жүйенің жетекші қағидаттарын айқындайды.

Ата заң – құқық үстемдігінің кепілі

Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекетіміздің қоғамдық билік жүйесін жетілдіруге, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға және конституциялық реттеудің тиімділігін арттыруға ұмтылысын көрсетеді.

Ұлттық ұйысудың темірқазығы

Жаңартылған Ата заңның өмірге келуі – тәуелсіз еліміздің қазіргі заманғы тарихындағы ең ауқымды әрі тағдыршешті белестердің бірі. Бұл – заңнамалық түзетулердің жиынтығы ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің, әділдік пен ашықтыққа негізделген жаңа саяси кезеңнің бастауы.

Бас құжаттағы баянды мәртебе

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында Астананың орны айрықша. Елорда – мемлекеттік басқарудың әкімшілік орталығы ғана емес, Тәуелсіздіктің жеңісі, елдік еріктің жемісі, ұлттың болашаққа деген сенімінің сәулетті бейнесі.

Берекеміз – бірлікте

Жаңа халықтық Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Бұл – құқықтық жүйедегі өзгеріс қана емес, қоғамның алдағы бағытын айқындайтын маңызды қадам. Мұндай кезеңде жаңа заңдардың мазмұнынан бұрын, сол құндылықтарды өмірде жүзеге асыратын азаматтардың рөлі арта түседі. Сондықтан бүгінде жастарға артылатын жауапкершілік бұрынғыдан да жоғары болмақ.

Шынайылық қағидаты

Жалпыхалықтық қолдауға ие болып, күшіне енген жаңа Конституция бір күнде немесе қысқа мерзімде әзірленген құжат емес. Оның жобасы бірнеше жыл бойы жан-жақты талқыланып, жүйелі түрде жетілдірілді.

Әділ қоғамның негізі

Бүгін күшіне енген Ата заңымызда көрініс тапқан басты құндылық – барлық аза­­маттың заң алдындағы тең­дігі. Әлеуметтік мәртебе­сі­не, қызметіне немесе басқа да ерек­шеліктеріне қарамастан әр адамның құқықтары бірдей қорғалуға тиіс. Тең мүмкіндік – бұл құқықтарды жүзеге асы­руға жағдай жасау.

Айрықша тарих бастауы

Біз ел өміріндегі айрықша тарихи сәтке куә болып отырмыз. Жаңа Консти­ту­цияның күшіне енуі – елі­міздің саяси жаңғыру жолын­дағы маңызды кезеңнің басталғанын білдіреді.

Демократиялық үдеріске үлес

Бүгіннен бастап жаңа Конс­ти­туциямыз күшіне еніп, еліміздің заң шығару жүйесі жаңа кезеңге қадам басады.

Ауқымды саяси реформаның алғышарты

Биыл 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституция 1 шілдеден бастап, яғни бүгін ресми түрде күшіне еніп, еліміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Елдің саяси жүйесінде түбегейлі жаңғырту басталып, ескі модельден жаңа шындыққа бағытталған батыл қадамдар «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» формуласы аясында іске асырылады. Ол динамикалық тепе-теңдік моделіне көшуді білдіреді. Бұған билік тармақтарын қайта теңгеру мен саяси жүйені жаңғыртып, қайта жүктеу жатады. Яғни бұл билікті функционалдық бөлуге қатысты негізгі бағытты айқындайды.