Ең ірі ЖИ-кластер

<p style="text-align: left;">&laquo;xAI&raquo; компаниясы әлемдегі алғаш&shy;қы 550 мың процессорлық ЖИ-кластерін іске қосты.</p>

Ең ірі ЖИ-кластер

Илон Масктің басқаруындағы компания «Colossus2» суперкомпьютерін жұмыс жүйесіне енгізді. Бұл – жасанды интеллектіні үйретуге арналған ең ірі клас­тер. Жүйе 550 мың «NVIDIA» графикалық процессорын қолданады және қазіргі уақытта 1 ГВт-тен астам электр энергиясын тұтынады. Бұл Сан-Франциско қаласының тұтынатын жүктемесінен де көп. «xAI» компаниясы сәуір айына қарай осы инфрақұрылымның есептеу қуатын екі есеге көбейтуді жоспарлап отыр.

Бөлісу: