Аймақтар • Бүгін, 10:18

Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал телешоуы түсірілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал «Менің кішкентай бойдақ жігітім» телешоуы түсірілді. Түсірілімге корей елінің әйгілі актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су арнайы келген, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал телешоуы түсірілді

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандары Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Көк базар, Көлсай көлдері мен өзге де көрнекті орында таспаланған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда түсірілген шығарылым ақпан айының басында SBS телеарнасынан ұсынылады.

Оңтүстіккореялық түсірілім тобына Almaty Tourism Bureau командасы қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына қол ұшын созған.

Алматыда мәдени-білім беру орталығы ашылды

пп

«Жоба халықаралық деңгейдегі маңызды ақпараттық оқиғаға айналып, шетелдік аудиторияның Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылығын арттырды», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

зз

Айта кетейік, бұған дейін Шымбұлақ пен Медеуге шетелдіктер тәнті болып, Алматы Viajar журналының тізіміне енгенін хабарлағанбыз.

Алматының әсем табиғаты Vogue басылымының да назарын аударып, ең үздік 14 бағыт қатарына қосқан еді.

Соңғы жаңалықтар