Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
<p><strong>Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте 62-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды.
Төртінші айналымда Бубликтің келесі қарсыласы – әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаур болады.
Александр Бублик мансабында алғаш рет маусымды қатарынан 7 жеңіспен бастап отыр. Бұл – оның ATP деңгейінде хард жабындысындағы ең үздік жеңісті сериясы.
Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады