Фото: qazsporttv.kz
Қазақстан теннисшісі Д.Бруксбиді 6:4, 6:4, 6:4 көрсеткішімен айқын басымдықпен ұтты.
Бубликтің келесі қарсыласы – Венгрия өкілі Мартон Фучович (55-орын). Кездесу 21 қаңтарға жоспарланған.
Еске салайық, теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте үздік 10 теннисшінің қатарына енгені мәлім.