«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?
<p><strong>«Zhibek Zholy» туристік пойызы жобасының кезекті кезеңін наурыз айында бастау жоспарланып отыр. Туристік пойыз Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен өтіп, Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы қалаларын аралайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жоба аясында саяхатшылар түркі әлемінің рухани ордасы – Түркістан қаласына, ислам өркениетінің маңызды тарихи орталықтарының бірі – Самарқандқа, бай мәдени мұрасы бар астана – Душанбе қаласына, сондай-ақ өңірдегі ірі әкімшілік әрі туристік орталық саналатын Ташкентке сапар шегеді.
Бағдарламада экскурсиялық қызмет көрсету, тарихи-мәдени мұра нысандарын аралау және маршрутқа қатысушы елдердің дәстүрлерін танытатын мәдени іс-шаралар өткізу қарастырылған.
Жоба Туризм және спорт министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның және «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.
Еліміздің туристік агенттіктері ұсынған хабарландыруға сәйкес туристік пакеттің құны:
-
ересектер үшін – 270-310 мың теңге;
-
15 жасқа дейінгі балалар үшін – 210-250 мың теңге;
-
5 жасқа дейінгі балалар үшін – 10 мың теңге (орын мен тамақтандыру қызметі ұсынылмайды).
«Сиань – Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға шықты