ТУРИЗМ
ТУРИЗМ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Алматы Орта Азиядағы ең үздік туристік бағыттардың бірі атанды

Испанияның Viajar туристік журналы Қазақстан туралы арнайы материал жариялап, Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үлкен Алматы көліндегі кептеліс: Туристер Қазақстанды неге таңдайды

Үлкен Алматы көліне (ҮАК) апаратын жолдағы көлік кептелісі түсірілген видео Қазақстандағы ішкі туризмге қызығушылықтың қарқынды артып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл Алакөлге 2 миллион турист келеді

Алакөл бүгінде Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды. Жыл сайын көл жағалауына келетін демалушылар саны артып, өңірдің туристік әлеуеті күшейіп келеді. 2026 жылы өңірге рекордтық 2 миллион турист келеді деп күтіледі. Табиғатының көркемдігі, емдік қасиеті бар суы және жаңарып жатқан инфрақұрылымы Алакөлді отандық туристер үшін тартымды демалыс орнына айналдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1,6 млн турист: Елордаға қай елдерден көп адам келеді?

Астана қарқынды дамып келе жатқан туристік орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте айғақтады. 2025 жылы Астанаға келген 1,6 миллион туристің 380 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар. Биыл да оң үрдіс жалғасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрткіл дүниені тоғыстырған

Астананың туристік саласы тұрақты оң серпін көрсетіп, елорда еліміздегі іскерлік, мәдени және оқиғалық туризмнің жетекші орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Жұртшылық көптен күткен «Tarlan Astana» (LRT) желісінің іске қосылуы да бас қалаға келетін туристер легінің артуына оң ықпал етті.

Алатау баурайындағы мұхит әлемі

Алматы қаласында туризм мен қоғамдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған екі ірі жоба мақұлданды. Олар – океанариум, амфитеатр және жасанды су арналары қарастырылған «Almaty Water Garden» кешені мен қаланың шығыс бөлігінде жүзеге асырылатын «Almaty Promenade» қоғамдық-рекреациялық кеңістігі.

Балқаш туризмінің бағы жанып келеді

Балқаш қаласы биылғы жазғы туристік маусымға үлкен жаңалықпен, жан-жақты дайындықпен келді. Өңірде инфрақұрылымды дамыту мен қауіп­сіз­дікті күшейтетін шаралар кеңінен қолға алынып, жаңа демалыс орын­дары бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар аймақтың туристік тар­тым­­дылығын жаңа деңгейге көтеретін көптен күткен қуанышты оқиға болды. Күрделі жөндеуден өткен Балқаш қаласының әуежайы қайта ашы­лып, алғашқы рейстерді қабылдай бастады. Бұл – көл жағасындағы дема­лысты сырттан келетін қонақтарға бұрынғыдан да қолжетімді әрі жайлы ете түседі.

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген, олардың басым бөлігі көршілес елдерден келеді. Ал шетелге саяхаттаған отандастарымыздың саны 2,47 млн адамды құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баянауылдың жеті кереметі

Арқа жерінің жақұты – Баянауыл өңі­рінің сакралды картасында таң­ба­ланған қасиетті жерлерді турис­тер­дің көбі біле бермеуі мүмкін. Тау-тасын аралап, тарихымен танысып қайтамын дейтін адамға бұл жерде қызықтайтын орындар жетерлік.

Экотуризмді дамыту – өңір экономикасындағы тың мүмкіндік

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында туризм саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жобалар таныстырылды. Төлеби ауданы аумағындағы Қасқасуда, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте орналасқан тау бөктерінде әлемдік деңгейдегі экологиялық тау-курортты қала салынады. Курорт аумағында мұз пішінінде салынатын ерекше қонақүйлер, отбасылық демалыс аймақтары, бизнес-кластерлер, ойын-сауық және спорт нысандары орналастырылады.