Туризм
1 мин оқу 30

Алматы Орта Азиядағы ең үздік туристік бағыттардың бірі атанды

<p><strong>Испанияның Viajar туристік журналы Қазақстан туралы арнайы материал жариялап, Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретінде атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматы Орта Азиядағы ең үздік туристік бағыттардың бірі атанды

Басылым авторлары Алматының Іле Алатауының баурайындағы көркем табиғаты мен  дамыған туристік инфрақұрылымына оң баға берген. Сондай-ақ шетелдік журнал редакциясы елдің бай мәдени мұрасы мен белсенді демалысқа арналған мүмкіндіктерін жоғары бағалаған.

Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?

Алматы қаласының Туризм басқармасы шаһардың шетелдік басылымдардың назарына ілігуі халықаралық туристік имиджін нығайтып, Еуропа елдерінен келетін туристер санын арттыруға оң ықпал ететіндігін атап өтті.

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Almaty Superski» тау шаңғысы курортын салу бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Талқылау барысында қолдау тапқан жобаны 2028 жылы желтоқсанда іске қосу жоспарланған.

Бөлісу:
Алматы Орта Азиядағы ең үздік туристік бағыттардың бірі атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар