Туризм
2 мин оқу 50

Алатау баурайындағы мұхит әлемі

<p style="text-align: left;">Алматы қаласында туризм мен қоғамдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған екі ірі жоба мақұлданды. Олар &ndash; океанариум, амфитеатр және жасанды су арналары қарастырылған &laquo;Almaty Water Garden&raquo; кешені мен қаланың шығыс бөлігінде жүзеге асырылатын &laquo;Almaty Promenade&raquo; қоғамдық-рекреациялық кеңістігі.</p>

Алатау баурайындағы мұхит әлемі

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, тұрғындардың демалысына, мәдени іс-шаралар өткізуге және ойын-сауық қызметтерін дамытуға арналған жаңа орталық Алатау ауда­нын­дағы Бауыржан Момышұлы мен Жұмағали Саин көшелерінің ара­лығындағы 27 гектардан астам аумақта орналасады. Жобаның құры­лы­сы биыл басталып, оны келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Almaty Water Garden» жоба­сының басты ерекшелігі – серуендеуге арналған жағалаулармен, де­­­­малыс аймақтарымен және көгал­дандырылған қоғамдық кеңіс­­тік­­­­­­пен көмкерілген ұзын су арнасы. Су жүйесінің айналасында заманауи саябақ қалыптастырылып, оның қала тұрғындары мен қонақ­та­рының жиі келетін демалыс орын­да­рының біріне айналуы көзделген.

Жоба аясында қоғамдық, мәдени және коммерциялық бағыттағы ны­сан­дардан тұратын кешенді инфра­құрылым салынады. Мұнда кә­сіп­­керліктің түрлі формаларына ар­нал­ған сегіз коммерциялық аймақ орналастырылып, сауда орындары, қызмет көрсету нысандары, отба­сы­лық демалыс орталықтары мен қоғам­дық тамақтану орындары ашы­лады.

т

Жобадағы негізгі нысандардың бірі – әлемнің әртүрлі асханалары ұсынылатын заманауи тағамдар алаңы (фудкорт). Оның жанында концерттер, фестивальдар, кино көрсетілімдері, шығармашылық кездесулер мен бұқаралық мәдени іс-шараларға арналған ашық амфитеатр салу жоспарланған.

Отбасылық демалысқа ерекше назар аударылған жоба аясында балалар орталығы, океанариум және көбелектер мұражайын ашу көз­деліп отыр. Бұл нысандар тұр­ғын­­дардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, қаланың туристік тартым­ды­лығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Сондай-ақ жобаның сәулеттік кел­бетін толықтыратын шолу мұна­ра­сы салынады. Мұнарадан келу­ші­лер саябақ пен қала көрінісін тама­ша­­лай алады.

Алматының шығыс бөлі­гіндегі Медеу ауданында жүзеге асырыла­­тын «Almaty Promenade» жобасы қо­ғамдық-рекреациялық кеңістікті дамы­туға бағытталған. Жобаны 2026–2029 жылдар ара­лығында іске асыру жос­парланған. Аумағы шама­мен 30 гек­тарды құрайтын нысан­­ның жалпы құ­ры­лыс көлемі 317 мың шаршы метрден асады.

Жоба аясында туристік, мәдени, қонақүй және коммерциялық нысандарды қамтитын заманауи қо­ғам­дық кеңістік қалыптастыру көз­дел­ген. Оның негізгі құрам­дас бөліктерінің бірі – су инфрақұ­рылымы. Кешен аумағында су арналары, абаттандырылған жа­ға­­лау­лар, серуендеу жолдары мен демалыс орындары салынып, олар қоғамдық кеңістіктің жалпы сәу­лет­тік құрылымымен үйлестіріледі.

Сонымен қатар мұнда қонақ­үйлер, сауда және қызмет көрсету ны­сандары, мәдени-ойын-сауық алаң­дары, жасыл аймақтар, жаяу жүр­гіншілерге арналған бағыттар мен ашық қоғамдық кеңістік орналастырылады.

Мамандардың пікірінше, атал­ған жобалар инвестиция тар­туға, жаңа жұмыс орындарын құ­­ру­ға және туризм, қызмет көр­сету саласы мен шағын бизнестің дамуына қосымша серпін беруі мүмкін. Қа­зір­гі уақытта жоба­ларға инвести­ция тарту және қа­жетті қала­­­лық инфра­құ­рылымды да­мыту жұ­мыс­та­рына қолдау көр­­се­ту ба­ғы­тын­да «Almaty Invest» компаниясы жұ­мыс жүргізіп жатыр.

Жобалардың іске асырылуы Ал­ма­тының қоғамдық кеңістігін жаң­ғыртуға, тұрғындар мен қала қонақ­­­тарына арналған жаңа демалыс орындарын қалыптастыруға, ме­гаполистің туристік әлеуетін арт­­­­тыруға мүмкіндік береді деп жос­пар­­­­ла­нып отыр.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Алатау баурайындағы мұхит әлемі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар