Туризм
1 мин оқу 30

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

<p><strong>Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген, олардың басым бөлігі көршілес елдерден келеді. Ал шетелге саяхаттаған отандастарымыздың саны 2,47 млн адамды құрап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және өзге де орналастыру орындарын қоса алғанда, 4 505 нысан жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты.

Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?

Qazaqstan.tv мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтаған. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған.

Ең танымал курорттық бағыттар:

Алматы тау кластері – 509,3 мың адам;
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;
Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;
Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;
Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.

Айта кетейік, Қазақстанда туризм саласының 600 мыңнан астам адам еңбек етеді. Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті.

Бөлісу:
Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар