Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026

Жүрек жұтқан альпинист

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ғаламат. Оған дәлел – америкалық альпинист Алекс Хоннольд. Ол Тайваньдағы ең биік «Taipei 101» ғимаратына қауіпсіздік арқанынсыз өрмелеп шықты.

Жүрек жұтқан альпинист

Сурет ашық дереккөзден алынды

Алқынбайтын альпинист биіктігі 508 метр болатын 101 қабатты зәулім нысанды 91 минутта бағындырған. Оның көтерілу сәтін мыңдаған көрермен тамашалап, оқиға Netflix платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл әрекетке ғимарат әкімшілігі мен қала билігі алдын ала рұқ­сат берген. Айта кетейік, «Taipei 101» ғи­мараты 2004–2010 жылдары әлемдегі ең биік ғимарат саналып келді. Қазір бұл атақ Дубайдағы «Бурдж Халифаға» тиесілі.

 

Соңғы жаңалықтар