Қоғам
1 мин оқу 10
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
<p>Қытайда Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 14 күнге уақытша жабылады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде «Қорғас» орталығы келушілер үшін толық жабық болады.
Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Бөлісу: