Ауа райы
4 мин оқу 10

Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

<p><strong>Синоптиктердің болжамына сәйкес, 4 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғып және көктайғақ болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Астана қаласында күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде – 19-21 градус аяз, күндіз – 3-5 градус аяз.

Алматыда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде – 1 градус, күндіз – 6-8 градус жылы.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 метр/секундқа дейін жетеді. Түнде – 2-4 градус аяз, күндіз – 15-17 градус жылы.

Ақмола облысының батысында аздап қар жауады, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Желдің екпіні күндіз 15-20 метр/секундқа дейін жетеді. Түнде – 12-17 градус аяз, күндіз – 2-7 градус аяз.

Көкшетауда жауын-шашынсыз, түнде – ауа 19-21 градус, күндіз 4-6 – градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қар жауып, боран соғады. Түнде – 18-23 градус аяз, күндіз – 4-9 градус аяз.

Петропавлда жауын-шашынсыз, түнде – 18-20, күндіз – 7-9 градус аяз.

Қостанай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Түнде 10-15 градус аяз, күндіз – 0-5 градус аяз.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Павлодар облысында түнде – 18-23, кей жерлерде 27 градус аяз күтіледі. 

Қарағанды облысының кей бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Түнде – 11-16 градус аяз, күндіз – 2-7 градус аяз.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ал Жезқазғанда түнде – 5-7 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Өскеменде қар жауады, күндіз – 8-10 градус аяз болады.

Абай облысында қар мен боран соғады. Ал Семейде түнде – 16-18 градус, күндіз – 11-13 градус аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ болады. Ауа температурасы 15-20 градус аяз. Оралда түнде қар жауып, боран соғады.

Атырау облысында ауа температура 3-8 градус аяз, солтүстігінде 12-17 градус аяз күтіледі. 

Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Ал Ақтауда күндіз боран соғады.

Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Қонаевда түнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Ал Талдықорғанда түнде – 1-3 градус аяз болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Күндіз – 14-16 градус жылы.

Қызылорда облысының батысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз – 7-9 градус жылы.

Жамбыл облысының шығысында және таулы өңірлерінде жауын-шашын, көктайғақ болады. Ал Таразда күндіз – 13-15 градус жылы болады.

Синоптиктер боран, тұман және көктайғақ кезінде жолда сақ болуға шақырады. Әсіресе батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болмақ.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Бөлісу: