Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады
<p><strong>Астанада наурыздың алғашқы күндері ауа райы суық әрі желді болады. Синоптиктердің болжамынша, күндіз нөл градусқа дейін жылынғанымен, түнде аяз −10 °C-қа дейін қайта күшеймек, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

4-6 наурызда ауа температурасы күндіз −2 °C шамасында тұрақтап, түнде −10 °C-қа дейін төмендейді. Бейсенбі күні жауын-шашын болуы мүмкін.
7 наурызда термометр бағаналары 0 °C-қа дейін көтерілгенімен, қар жауып, тұрғындарға қолайсыздық тудыруы ықтимал.
Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы құбылмалы бұлтты болып, күндіз −2 °C, түнде −5 °C суық болады деп күтіледі.