Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:07

Екі рет Нобель алған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1903 жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген Мария Кюри тарихтағы тұңғыш әйел лау­реат атанды. Ол бұл марапатқа ра­дио­активтілік құбылысын зерттеу­ге қосқан зор үлесі үшін иеленді.

Екі рет Нобель алған

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ғалымның табанды ізденісі нәти­же­сінде ғылымға полоний мен радий секілді жаңа элементтер белгілі болды. Мария Кюридің есімі мұнымен ғана шектелмейді. Ол кейін 1911 жылы химия саласы бойынша тағы бір Нобель сыйлығын алып, екі түрлі ғы­­лым бағытында марапатқа ие бол­ған әлем­дегі алғашқы адам ре­тін­де тарих­қа енді. Оның «Менің ғылым­нан өзге ең ұлы міндетім – ұрпақ тәрбиелеу. Сыйлық – мені жігер­лен­ді­руге беріл­ген ойын­шық қана» деген сөзі таза бол­мысын, атақтан бұрын адами жауап­кер­шілікті жоғары қой­ға­нын аңғар­тады.

 

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53