Табиғат • 13 Сәуір, 2026

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің акваториясында 12 сәуірге қараған түні үш рет жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

Мамандардың мәліметінше, ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 баллға жеткен. Қалған екі дүмпу 3,2 балл деңгейінде тіркелген.

Жер асты дүмпулерінің ошақтары 18-ден 74 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы деректер тіркелмеген.

Түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Соңғы жаңалықтар