Қоғам
1 мин оқу 50

Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты

<p><strong>Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиғаға найзағайдың түсуі себеп болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды

Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды

Айта кетейік, Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Пәтердің балконындағы жиһаз және тұрмыстық техника өртеніп, жалын оныншы қабаттың балконына тараған.

Бөлісу:
Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар