Әлем • 15 Маусым, 2026

Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға қаланың батыс бөлігінде болған. Соқтығысқан тікұшақтардың бірі автосалон аумағына құлап, салдарынан бірнеше электр көлігі өртенген. Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірген.

Полицияның мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе кемелерінің бірінде америкалық әнші Оливер Три болуы мүмкін. Алайда қаза тапқандардың денелері қатты күйгендіктен, олардың жеке басын анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның әскери-әуе күштеріне тиесілі Ан-32 әскери-көлік ұшағы елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар