Инфрақұрылым • Кеше

Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді

1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне 70 пайыздық жеңілдік енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді

Фото: ҚТЖ

Компанияның хабарлауынша, республика ішіндегі бағыттарда ұн тарту мен нан пісіру кәсіпорындарына арналған бидай тасымалына да 0,3 төмендету коэффициенті қолданылады.

Жеңілдік 30-дан астам азық-түлік түріне енгізіледі.

«Бұл шара отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған. Осы арқылы жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40%-ға қысқарады деп күтіліп отыр», делінген компания хабарламасында.

«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев 27 жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылатындығын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар