ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 42-шақырымында жол қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін, 11 шілдеде республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының Астана қаласы бағыты бойынша 42-шақырымында 10 шілдеде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлінген барьерлік қоршауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде ертеңнен бастап қай тасжолдар ақылы болады?

Елімізде 10 шілдеден бастап Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал және Бұрылбайтал – Құрты бағыттарында ақылы жол жүйесі іске қосылады. Ал 11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен автожолында ақылы режим қолданыла бастайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда жаңғыртудан өткен алғашқы теміржол вокзалдары пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысында жаңғырту жұмыстары аяқталған Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 136 мыңнан астам жол белгісі тексерілді: негізгі кемшіліктер қандай?

Қазақстанның республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің 97 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген ауқымды тексеру нәтижесінде белгілі болды. Мамандар республика бойынша автожол желісінде орнатылған 136 мыңнан астам жол белгісінің жай-күйін зерделеген. Тексеру қорытындысы бойынша олардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретіні анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді шағын ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселмейді

Елімізде автомобиль жолдарын жөндеуді реттейтін нормативтерге өзгерістер енгізілді. Енді көлік қозғалысы аз учаскелерде асфальт-бетон жабындысының орнына балама шешімдерді қолдануға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жылыту маусымына дайындық пен ұлттық жобаның орындалуы талқыланды

Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын, жергілікті атқарушы органдардың қатысу рейтингтерін, сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

Ақтау халықаралық әуежайы енді ең ірі санаттағы ұшақтарды қабылдай алады. Осы мақсатта әуежайда аэродромдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді

«Қазақстан темір жолы» ҰК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне 70 пайыздық жеңілдік енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ереван – Алматы бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Қазақстан мен Армения арасында жаңа әуе рейстері іске қосылды. Енді ел тұрғындары Алматыдан Ереванға тікелей қатынай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Stadler вагондары Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Швейцариялық Stadler компаниясы шығарған алғашқы жолаушылар вагондары Қазақстанға 2026 жылдың маусым айында жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.