Оқиға • Бүгін, 11:55

«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді

1 мин
оқу үшін

16 маусымда «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде бірден 14 орман өрті тіркелді. Барлық өрт ошақтары жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді, деп жазады Egemen.kz.

«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді

Фото: ТЖМ (архив)

Орман күзеті қызметкерлерінің дер кезінде әрі ұйымдасқан түрде әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді.

Үш жылдағы өзгеріс: Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы екі есе өсті

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт шарпыған жалпы аумақ небәрі 0,47 гектарды құраған.

Айта кетейік, 2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар