АБАЙ
АБАЙ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Ұрпаққа аманатталған асыл мұра

Ғалымдар Абайтанудың 136 жылдық (1889–2025) тарихын үш кезеңге бөліп, саралайды. Олар: Абайтанудың М.Әуезовке дейінгі кезеңі (1889–1934), осы ілімнің негізін салу жолындағы М.Әуезов кезеңі (1934–1961) және одан кейінгі ғылыми талдаулар мен ізденістер кезеңі. Ұлы ақын шығармашылығын зерттеу кезеңдерінің Мұхтар Омарханұлының есімімен «үкі­ленуі» Абайтанудың ірге­тасын қалап, оның «ығы зор» панасы болған ғұламаның тума таланты мен қажыр-қайраты тұрғысынан әбден заңды.

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай Құнанбайұлының ғасырлық тойы қарсаңында «Социа­листік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1945 жылы 15 тамыздағы № 168 санына хакімнің фотосы және жаңадан табылған үш өлеңі жарияланыпты. Бұл фото басылым бетінде тұңғыш жарық көрген суреті екен.

Абай және жас ұрпақ

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» атты тағылымды форум өтті, деп жазады Egemen.kz.

Хакім һәм өзбек әдебиеті

Дана Абай шығармашылығы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан туысқан халықтар арасында кеңінен насихат­­тала бастады. Түркі­стан республикасының орталығы Ташкентте қазақ тілінде жарық көрген «Ақ жол» газеті­нің 1921 жылы 19 маусымында жарияланған «Талап­тың мініп тұлпарын», «Әбдірахманға» өлеңдері өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ ақындарының көзіне түскені де ақиқат.

Ғасырлардан жеткен әуен

Қазақконцертте ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтеді. Көпшілік назарына алғаш рет кемеңгер ойшылдың бұрын-соңды орындалмаған шығармалары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Ерлан Рысқалидың Абайдың 180 жылдығына арналған жеке кеші өтті

21 қыркүйек күні елордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» көркемдік жетекшісі Ерлан Рысқалидың «Abai Lab» атты жеке шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай тойының шежіресі

Бұл той басқа тойдан өзгерек. Абай тойы туралы деректерді адақтап көрсек, қашан да елдің басын біріктірген, берекенің мерекесі болғанын көреміз. «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең», деп хакімнің өзі бекер айтпаса керек.

Абай мұрасынан қуат алған тұлға

Абайдың бірғасырлық мерекесі 1945 жылы аталып өткенін білеміз. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновтың бұйрығымен «Абай» фильмін түсіру туралы шешім қабылданған болатын.

Семейде Хакім Абайға қатысты халықаралық конференция өтіп жатыр

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Түркия, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен абайтанушылар мен әдебиеттанушылар, философтар мен тарихшылар қатысты, деп жазады Egemen.kz.